Ветеринариялық қауіпсіздік – басты міндет
Облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаевтың айтуынша, бүгінде Тараз қаласы мен облыстың он ауданындағы ветеринария ұйымдары мемлекеттік тапсырыс бойынша жануарлардың аса қауіпті эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық- диагностикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуде. – Аса қауіпті аурулардың алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Соның нәтижесінде Шу мен Т.Рысқұлов ауданында құтыру ауруының бір-бір ошағы анықталды. Бұл бойынша карантин шаралары қолданылып, бүгінгі күнге аурудың көзін жою және сауықтыру жұмыстары толық жүргізілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың тіркелуі 2 есеге төмендеді.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп, бірдейлендірудің деректер қорына енгізілуде. Облыс бойынша 4 айда ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,5 миллион ауылшаруашылық жануарлары енгізілді.
Облыстың ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарды рет-ретімен Нұржас Нұржанұлы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында егжей-тегжейлі баяндаған болатын. Ол жерде де ветеринария саласында еңсерілген жұмыстардың агроөнеркәсіп кешенінің алға басуына өз септігін тигізіп жатқаны баса айтылды.
Бастысы Жолдаудан туындаған міндеттердің салада жүзеге асырылуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы көңіл көншітерлік деңгейде. Уақыт өткен сайын ветеринарлық қызмет көрсету сапасы да жақсарып келеді. Төрт түліктің амандығы бағытында жұмыс атқарып жатқан ветеринар мамандар да жеткілікті.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




