Жолдың жайын жүрген білер

Жолдың жайын жүрген білер
ашық дереккөз
Жолдың жайын жүрген білер
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баспасөз мәслихаты өтті. Онда облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов республикалық, облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарының бүгінгі жағдайына тоқталды. Оның айтуынша, облыстық мәндегі және елді мекендердегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың километрді құрайды. – Бұл жолдардың 3,3 километріне асфальт жабынын төсеу, 11,4 километрін қайта жаңғырту, 777,3 километрі орта жөндеумен қамтылатын болады. Жол құрылысы жұмыстарына жалпы құны 24,7 миллиард теңге бөлінді. Биыл 433 жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтсақ, оның 33-і «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», 251-і «Ауыл – ел бесігі», 4-і «Өңірлерді дамыту», 2-і «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары мен жобалары аясында жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, 179 жоба облыс бюджеттері есебінен орындалады деп күтілуде. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін күтіп ұстау жұмыстарына 1,9 миллион теңге қаралған. Аталған жобалар жүзеге асырылған сәтте өңірдің ішкі көлік логистикасы жақсара түспек. Жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жол активтерінің Сапа орталығына» жыл басынан бюджеттен 148 миллион теңге бөлініп, келісімшарт жасалуда, – деді Мұрат Құттыбайұлы.  

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар