Жұмыспен қамтуда жоспар керек
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда халықтың табысын арттыру және инвестиция тарту жөнінде жиын өткізді. Онда бүгінде жүзеге асқан жұмыстар мен биылғы жоспар жөнінде облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек баяндады. «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға 26 ауылдық округтің 72,8 мың тұрғынынан 24 миллиард теңгеге өтініш келіп түскен. Жыл басынан бері 10 ауылдық округтің 722 тұрғыны 28 090 бас мал сатып алған (67,7 пайызы біздің облыстан, 32,3 пайызы өзге өңірлерден). Жиында ірі қара малды қолдан ұрықтандыру технологиясын ендіру нәтижелері де талқыланды. Биылға 5 886 бас ірі қараны қолдан ұрықтандыру жоспарланған.
Баяндамашы сонымен қатар, Шу ауданындағы Жаңақоғам ауылы мен Мойынқұм ауданындағы Кеңес ауылдық округінде жобаны іске асырудағы аралық қорытындының талдау нәтижесін ұсынды. Облыс әкімі анықталған кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Нұржан Нұржігітов аудан әкімдеріне «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда дербес жауапкершіліктерді ескертті.
– Аудан, ауылдық округ әкімдерінің, басқарма басшыларының нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуда нақты жоспарлары болуы тиіс. Ол үшін барлық округтер туралы деректерді қамтитын статистика мен талдауларды қадағалау қажет, – деп тапсырды өңір басшысы.
Күн тәртібінің екінші мәселесіне тоқталған Қанатбек Мәдібек межеленген жоспардан артта қалып келе жатқан аудандарға назар аудартты. Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңірдің экономикасына 89,1 миллиард теңге инвестиция тартылған, нақты көлем индексі 107,4 пайызды құрады.
Облыс әкімі аудандардың әлеуетін пайдалана отырып, қосымша инвестициялар тартуды және туындайтын проблемаларды уақтылы шешуді тапсырды.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




