“Жәмилә” қойылымының премьерасы өтті
А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында “Жәмилә” қойылымының тұсауы кесілді. Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың повесі желісімен дайындалған қойылымның авторы және қоюшы-режиссері - қырғызстандық Нурбек Урматжанұлы.
Қойылым оқиғасында соғыстың ащы зардабын тартқан тылдағы ауыл халқының ауыр күйі, оның ішінде, өз ерік, бостандығы, жүрек қалауы жолында бүкіл қоғам қарсы бола тұра, ескі әдет-ғұрып, дәстүрдің тұтқыны болмай, өз өміріне өзі таңдау жасаған қайсар мінезді алғашқы шығыс әйелдерінің бірі, қасірет құшағындағы ауыл келіні Жәмиләнің бейкүнә да, ащы тағдыры баяндалған.
Премьераның алғашқы күнінде Жәмилә рөлін Қырғыз Республикасының «Ак Илбирс» ұлттық киносыйлығының иегері Мээрим Атантаева сомдады. Тараздық театрсүйер қауым жаңа қойылымды ерекше толғаныспен қабылдап, актерлік құрамға ыстық қошеметін білдірді.
Қойылым соңында облыс әкімінің “Ықылас гүлі” ұсынылды. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қырғыз-қазақ арасындағы татулық үзілмесін деген ақжарма тілегін білдіріп, қойылым режиссеріне және ұжымға алғысын білдірді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




