Еңбекқор ерлер
Ауылдағы інім – механизатор. Тауға шығып, отын шауып, тракторға шөп басып, түннің бір уағында үйге әрең оралады. Көмекшісі – өзінен 15 жас үлкен Беган деген көрші аға. Таңертең шай үстінде інім келінге:
– Айка, шай құйшы, – десе, келінім:
– Қайдағы Айка?! Мен Беган братпын ғой. Түнімен жұлқып «Беган брат, Беган брат» деп оятасың. Одан «Беган брат, мына шөпті арта салайық» деп таңға дейін мазаны аласың, – деп кейіді.
– Мен ештеңе емес екенмін ғой онда. Ауылдас досым түсінде ЗИЛ-ға шөп жинап жатыр екенмін деп ойлап, қос табанын әйеліне тіреп, «Тағы бір басып жіберейік, итер-итер» деп бар күшімен қос аяқтап теуіп-теуіп, әйелін төсектен құлатып жібереді екен де, соңынан «тарт-тарт» деп төсегіне қайта тартып алады екен. Сен қайта жай ғана «Беган брат» болғаныңа қуан, – дейді інім жарқылдай күліп.
Ауылдағы еңбекқор ерлер аман болсын!
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




