Әлеумет
Батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, майдангерлер рухына тағзым етілді
- author «Ақ жол»
- 9 мамыр, 2023
- 576
Батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, майдангерлер рухына тағзым етілді
Жеңіс күніне орай Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Майдан даласынан қайта оралмағандарды, марқұм майдангерлерді еске алу үшін ардагерлер, тыл еңбеккерлерімен қатар, бірқатар жамбылдықтар жиналды.
Сонымен бірге іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы, қала әкімі, құқық қорғау органдары және этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты.
Жиналғандар Жеңіс үшін жанын қиған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұдан соң аймақ басшысы бастаған топ саябақтағы “Данқ” залын аралап, концерттік бағдарламаны тамашалады. Мұнда театрландырылған қойылым сахналанып, патриоттық әндер шырқалды.
“Данқ” залы Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Ғимаратта 1 миллион 500 мыңнан астам фотошежірелер топтастырылған.
Залдың 1941, 1942, 1943, 1944 және 1945 жылдарға арналған қабырғаларындағы суреттерде сол кезеңдегі соғыс көріністері бейнеленген.
Сондай-ақ, «Рейхстагқа ту тігу» барельефі қойылып, тылдағы еңбеккерлердің өмірінен сыр шертетін суреттер де көрініс тапқан.
Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.
Шара барысында “Жамбылдық әскери құрамалар” атты жинақтың тұсауы кесілді.
Айта кетейік, 2021 жылы Байзақ ауданы әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі қоймасында орын алған жарылыста ерлікпен қаза болған Бауыржан Дәуітбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Облыс әкімі аталған орденді марқұмның әкесі Талғат Дәуітбаевқа тапсырды.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




