Тараз қаласын жаяу аралады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен бірге облыс орталығының бірқатар көшелерін аралады. Аймақ басшысы жеке сектордағы кейбір үйлердің кәріз суының арыққа ағуына, балалар тіс ауруханасының ауласын реттеу, көгалдандыруға қатысты мәселелерге назар аударды.
Сондай-ақ, Қазыбек би көшесіндегі жеке бизнес нысандарының айналасын абаттандыру бойынша өз жауапкершіліктері болу керектігін ескертті.
Өзге де бірқатар кемшіліктер бойынша облыс басшысы қала әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.
Нұржан Нұржігітов Тараз қаласы – облыстың айнасы болу керектігін атап өтіп, абаттандыру, тазалық секілді мәселелерді шаһар тұрғындары мен кәсіпкерлері де жете түсінуі – аса маңызды екенін баса айтты.
Аймақ басшысының қаланы аралаулары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




