Сұлу сөздің сәулесі
«Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Қазақстанның Құрметті жазушысы» атағының иегері, көрнекті ақын Күләш Ахметованың шығармашылығына арналып «Сұлу сөздің сәулесі» әдеби буриме-жыр кеші өтті. Іс-шараға «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Байзақ, Жуалы және Талас аудандарының Құрметті азаматы Батырбек Құлекеев, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Көсемәлі Сәттібайұлы, ақын, сазгер Үміт Битенова, журналист Бақытжан Мақашев, ақындар Жұлдыз Бейсек, Нұржан Қадірәлі қатысты.
Күләш Ахметова – өз халқының жүрегінің төрінен әлдеқашан орын алған ақын. Күләш Ахметова қазақ жырына ешкімге ұқсамайтын өзінің ерекше өрнек-кестесімен келіп, бірден биіктен көрінген ақын.
Кеште ерекше ақын Күләш Ахметованың тұнықтығымен, ойлылығымен, сыршылдығымен, табиғилығымен, тектілігімен баурайтын поэзиясы туралы айтылды.
«Аq jol» – Аqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




