Натрий ционидін өңдеу екі есеге ұлғайтылмақ
«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында облысымызға келген Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жұмыс сапарымен Талас ауданында болды. Ондағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, олардың жұмысымен танысты. Министр алдымен Қаратау қаласындағы «Игілік» жылу қазандығының жұмысын көрді. Бүгінгі таңда қазандық 154 көпқабатты тұрғын үйді, 222 мемлекеттік мекемені, сондай-ақ, әлеуметтік және коммерциялық объектілерді жылумен, таза ауыз сумен қамтамасыз етуде.
Бұдан кейін Әлібек Қуантыров «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің натрий ционидін өңдеу зауытының жұмысын көрді. Кәсіпорынды аралап, цехтарымен, өнімдерімен танысып, зауыт қызметкерлерімен жүздесті.
2014 жылы іске қосылған зауыттың жылдық қуаты 15 мың тонна. Бүгінгі таңда өндіріс ошағында 550-ден астам адам жұмыс істеуде. Зауытта жыл басынан бері 2360 тонна сульфат аммоний өндірілген. Өнімнің бір бөлігі ішкі нарыққа өткерілсе, бір бөлігі шетелдерге экспортталуда. Енді кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 30 мың тоннаға дейін жеткізу мақсатында зауыттың екінші кезеңінің құрылысын салу жоспарлануда.
Сондай-ақ, министр құрылысы жүргізіліп жатқан «Karatau Chemicals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пиросульфит өңдеу зауытын көрді.
Кәсіпорынның құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, 25 мың тонна пиросулфитнатрий өндіруге қуатты. Зауыт іске қосылса бір қатар жұмыс орындары ашылмақ.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді