«Ақылды» аялдамалар
Тараз қаласындағы «ОДҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 10 аялдамада «Ақылды аялдама» жобасы аясында жарықдиодты цифрлық таблолар орнатылды. Бұл жоба қала тұрғындарының қызығушылығын тудырғаны белгілі. Биыл оның санын 9-ға көбейту жоспарлануда. Қазіргі таңда Руслан Ноқрабековтің айтуынша, жарықдиодты цифрлық таблоларды орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Көптеген маршруттар жүретін жолаушылар аялдамаларын ескере отырып келесі мекенжайларға таблолар орнату белгіленген. Атап айтсақ, Төле би көшесі бойындағы «Mart», Қазыбек би көшесі бойындағы «Business Plaza» аялдамасы (бір жаққа);
Қазыбек би көшесі бойындағы «Business Plaza», Т.Рысқұлов көшесі бойындағы «Салтанат» және «Сауда орталығы», С.Сейфуллин көшесі бойындағы «Лермонтова», «Қайқармет базары» аялдамаларына орнату жоспарланған.
Автобустың GPS-трекерінен келіп түсетін деректер негізінде оның автобус аялдамасында орнатылған ақпараттық жарықдиодты таблоға келу уақытын есептеп шығаруға болады. Жол келесі ақпаратты қамтиды – аялдаманың атауы, маршруттың нөмірі, маршруттың бастапқы және соңғы аялдамасы, жақын автобустың келуін минутпен, көрсетілген аялдамаға дейін күту уақыты. Сондай- ақ, ағымдағы күн, уақыт және ауа температурасы көрсетіледі. Жарықдиодты дисплей ауа райы қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге бейімделген.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- Бүгін, 06:03
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




