Анамның бауыры
Біздер көрші тұрамыз. Нағашы әпкемнің аты – Ұрбағила. Анамның туған сіңлісі. Әсіресе, анам бақилық болғалы ол үйге көп баратын болдым. Қашан көрсең, қазанда ет асылып жатады. Менің баратынымды сезе ме, әлде қазаны берекелді ме? Ең бастысы – пейілін айтсаңызшы. Аңқылдап, еркелетіп сөйлегені – анамның шуағындай. Келбеті де анама ұқсайды. Жүрісі, қозғалысы, жылы сөйлегені анашымның дәл көшірмесі.
Бір таңданғаным – анам қайтқалы ол кісіні сағынып әр кезде жазған мақалаларым, кітапшалар, газет-журналдар Ұрбағила әпкемнің сандығында сақтаулы екен. Бір жолы бәрін алып көрсеткені бар. Кейіннен жазылған «Көркем мінезді Күлбала ана» кітабының бір данасын да нағашы әпкеме тарту еттім. Сандығына сақтай алатын кісіге бермегенде, кімге берем? Қазіргі әсер бір бөлек. Жылдар өткенде нағашы әпкемнің немере-шөберелері әлгі кітапты оқып жатса, ол да бір ғажап дүние. Анамның сіңлісі солай ойлады ма екен? Әлде ұқыптылығы болар.
Сол үйге барғым келіп тұрады. Себебі, ол үйде асыл анамның бауыры, мінезі мен шуағы бар. Барған сайын осы шұғылалы күндер ұзағынан болса деп тілеп жүремін!
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- Бүгін, 06:03
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




