Әлеумет
«Жамбыл су» 98 кәсіпкерге 152 млн теңге сомасында қарызын өтемеген
- author «Ақ жол»
- 18 сәуір, 2023
- 415
«Жамбыл су» 98 кәсіпкерге 152 млн теңге сомасында қарызын өтемеген
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және «Атамекен» ҰКП облыстық филиалына «Жамбыл су» МКК басшылығының келісім-шарттық міндеттемелерді уақтылы орындамау фактісі бойынша кәсіпкерлер шағымданды. Өтінішті зерделеу барысында «Жамбыл су» МКК-ның 98 кәсіпкерге (221 шарт бойынша) жалпы сомасы 152 млн теңгеге ақшалай берешегі бар екені анықталды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 20-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін белгіленген толық төлем жасау туралы талаптарды қамтуға тиіс.
Осыған байланысты Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкіміне аталған кәсіпорынның жеткізушілер алдында шарттық міндеттемелерін орындамағаны туралы хат жолдады.
Нәтижесінде «Жамбыл су» мекемесімен қарыздарды өтеу кестесі құрылып, оған сәйкес қазіргі уақытта үш кәсіпкерге 8 млн. теңге төленді.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- Бүгін, 06:03
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




