«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әлемнің жарығын сыйлаған

Әлемнің жарығын сыйлаған
ашық дереккөз
Әлемнің жарығын сыйлаған
Ана. Осы сөзді естігенде-ақ бойыңды бір жылылық баурап алатын тәрізді. Ана – ұлылардың ұлысы, махаббаттың бастауы. Кең дүниені шарлап, жер бетін араласам да анадан қасиетті, ұлы жанды таба алмас ем?! Неге екенін білмеймін, «Ең ыстық жан кім?» десе көзіме ана елестейді. Отбасының шамшырағы, ерінің асыл жары, баланың өмірі, ол – Ана. Рас, ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Аналар адамды бесігінен бастап баулиды…Өмірдің іргетасы да солардың қолымен қаланады. Шіркін-ай, ана деген сөзді айтып жеткізудің өзі мүмкін емес шығар, сірә? Ана – әрбір адам баласы үшін ең ыстық жанға жақын мағыналы да қастерлі. Ана – әлемдегі ең ардақты да аяулы жандардың бірі. Далада жайқалып тұрған гүлдің де өсуі үшін су мен ауа қаншалықты керек болса нәрестенің дұрыс жетілуі үшін де ата-анасының қажеттілігі басым. Бізге жарық дүние сыйлаған осы өмірге алып келген анамызға не сыйласақ та аздық етеді. Себебі, ана секілді бақытымызды ойлап баласының аяғына кірген тікен менің маңдайыма кірсе екен деп отырады. Баласының бақытын ойлап жанын құрбан етуге даяр жалғыз адам, ол – ана. Ана жайлы жазбаған жазушы, жырламаған жыршы жоқ шығар сірә. Соның бірі де бірегейі – Қайрат Айтбайұлы. Қайрат Айтбайұлының анасына арнап жазған «Түркібастың Шынары» атты кітабы барша оқырмандардың жүрегін тебірентпей қоймады. Шығармада жазылған анасының бейнесі көз алдымызға келіп баршамыздың көзімізден еріксіз жас шыққаны шындық. Қазақта «Жүректен шықпай, жүрекке жетпейді» деген қанатты сөзі бар. Қайрат Айтбайұлының аяулы анасына деген сағынышы, кіршіксіз қардай махаббатын, анасына деген құрметін бейнелеп көрсетті. Дүниедегі ең жақын асыл, ең аяулы жаны туралы жырлап отырып жазған шығармасы тас жүректердің де жүрегін ерітіп жіберері анық. Кейбір жасөспірім балалар анасыз шетел жағалап жүргені өтірік емес. Ананың жылы алақанына зәру. Ал, ананың жылы алақанына бөленіп, аяғына тұрған соң, кейбір адамдар анасын тыңдамай, енді бірі анасын бағуға шамасы келмей қарттар үйіне жіберіп жатыр. Бұл не сұмдық. Кезінде, ана, шамасы келмесе де, өсіріп, баққан еді ғой. Ал, біз кімбіз сонда? Міне, ананың шексіз махаббатына осыншама мысал қарастырдық. Ана – өмірдегі шексіз бақыт иесі. Ана – бәріне лайық. Ал, біз ананы құрметтеуіміз керек. Ана – мен үшін ең керемет, асыл жан. Дәл осы сөздермен Қайрат ағамыз анасына деген шексіз махаббатын білдірген. Өзінің анасына жазған шығарма, кітап арқылы менің жүрегімді жаулап алды. Аналарымызды құрметтейік, қадірлейік!  

Эльниза КЕМЕЛБАЕВА,

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 1-курс конвергентті журналистика студенті.

 

Ұқсас жаңалықтар