Айзере
Аға-әпкелерін әжесі тысқа шығарып ойнатқанда, екі жасар Айзерені терезеге тұрғызып қоятын. Кішкентай қыз сырттағыларды терезеден қызықтап, өзі қанша ұмтылса да әжесі: «Сен үстіңді былғайсың. Құлайсың» – деп үйге қамап кететін. Бірде терезеден далада асыр салып ойнап жатқандарға қызығып қарап тұрған кішкентай Айзере:
– Әже! Әже! – деп дауыстады.
Терезеге қарап:
– Әу, құлыным, – деген әжесіне:
– Өл, қақпас! – деді Айзере аузы бұртиып.
Атасы әжесімен сөзге келгенде осылай деуші еді. Соны жаттап алыпты. Бала – айна, үлкендер не айтса, соны қайталайды деген осы...
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




