Сыйлық
Аялдамадан түскен бетте дүкенге қарай жүрдім. Алдымда келе жатқан жастары 18 жас шамасындағы қыз бен жігіттің әңгімесі естіліп келеді. Жігіт тоқтай салып, гүл сатушыдан бағасын сұрады. Қыз жігітті қолымен кері итеріп:
–Маған гүл алмақшысың ба? Керек емес, – деді тоқтамастан алға қарай жүрген күйі.
– Неге? – деді жігіт таңданып.
– Маған сыйлық жасағың келіп тұр ма?
– Иә, – деді жігіт.
– Сен көрсеткен гүл шамамен 3000 теңге тұрады.
– Білемін, – деді жігіт қалтасындағы ақшасын алып жатып.
– Онда сол ақшаны анау қайыр тілеп отырған кісіге берші, – деді қыз еркелей тіл қатып.
Екеуі күлімсіреген күйі қайыр тілеп отырған қарияның қасына барды. Ақшасын беріп, батасын алуға қолдарын қатар жайған жас ғашықтарға қарап сүйсіндім.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




