Құқық қорғау органдары бірлесе жұмыс істеуде
Бүгінгі таңда Қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс атқаруда. Мәселен, олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен тығыз қарым- қатынас орнатқан. Ондағы мақсат – ел ішіндегі қауіпсіздікті сақтау әрі жұрт тыныштығын бұзбау. Жуырда Тараздағы №26 түзеу мекемесінен Қырғыз елінің азаматы жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шыққан. Көршілес мемлекеттің 1994 жылы туылған азаматы біздің елдің шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сот шешімімен бас бостандығынан айырылған екен.
Түзеу мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеген ер адамды өз еліне депортациялау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдеріне тапсырған. Енді бұл жұмыстың нүктесін әрі қарай осы органның өкілдері қоймақ.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді