7000 тарихи құжат елге «қайтты»

7000 тарихи құжат елге «қайтты»
ашық дереккөз
7000 тарихи құжат елге «қайтты»
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы шетелден 7000 тарихи құжат елге қайтарылды. Құнды құжаттарда еліміздің тарихы туралы тың ақпараттар бар. Оларды қазір отандық тарихшылар мен ғалымдар зерттеп жатыр. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия секілді және тағы басқа да Еуропалық одақ елдерінен әкелінген. Былтыр ғалымдарымыз 14 мемлекетке іздестіру- зерттеу жұмыстарымен барды. Олар жинаған құжаттар қатарында 445 фотосурет, 206 кітап және сирек қолжазбалар бар. Хронологиялық тұрғыдан 918-1990 жылдар аралығын қамтиды. Қайтарылған құжаттар Ұлттық архивке тапсырылды. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі бірыңғай деректер базасын құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бағалы тарихи құжаттарды тарату үшін фотоальбомдар, жинақтар, хронографтар, өмірбаяндық анықтамалықтар және басқа да пайдалы материалдар баспадан шығарыла бастады. Мәдениет және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, археологтар мен тарихшылардың жұмысы мұнымен бітпейді. 2025 жылға дейін қазақстандық ғалымдар шетелге тағы бірнеше экспедиция жоспарлап отыр.  

 Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Ұқсас жаңалықтар