
Бесікті кім әкелуі тиіс?
Жақында Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында тұратын 83 жастағы Әбдіжәлел Оразбаев ақсақалмен танысып қалдым. Өзі осыдан отыз жылдай бұрын Өзбекстаннан қоныс аударып, көшіп келген екен. Сол жақта кеңшарларда басшылық қызмет атқарған. Айтары көп кісі. Ақсақал:
– Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген. Осы тарихи Отанымызға келіп те талай жақсылықтармен қатар, қайшылықтарға да кездесіп жатырмыз. Бұл жақта жас келін өмірге сәби әкелсе, төркін жағы бесік апару әдетке айналыпты. Көрші республиканың біз тұрған қазақ аудандарында ондай салт жоқ. Бесікті әркім өзі сатып алады. Мысалы, мен бөленген бесік 70 жыл сақталып, шөберем сонда құндақталды. Бесік осылайша ұрпақтан-ұрпаққа кете береді. Жас келіннің төркіндері артынып-тартынып бесік әкеліп жатады. Мәселе шығынында емес, атаның жолымен жүрген дұрыс. Қазақтың қай тарихында жас келіннің төркіні бесік әкелді деген бар? Ондайды 83 жыл ғұмырымда оқыған да, естіген де емеспін, – деді.
Ақсақалдың сөзіне ойланып қалдым. Осыдан 40 жыл бұрын біздің ауылдағы қара шаңырақта ескі бесік бар еді. Оған ата-анамыздың тұңғыштары Нұрбала әпкем, Нұрлан ағам бөленген. Сол қырық жыл сақталған бесікке Нұрлан ағамның баласы Ерімбет бөленгені есімде. Одан Ерімбет зиян шеккен жоқ. Әкесінің жолын қуып, ақын болды. Сол уақытта да бесік әкелу болмаған шығар. Жалпы, бабаларымыздың жолымен жүрсек, аталар жолы адастырмайды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Батырдың ұрпағы болу - мақтаныш әрі жауапкершілік
- 29 мамыр, 2025
Жапырағын кеңге жайған жанұя
- 29 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді