Бизнес-жобаларға басымдық берілді
– Аталған микрокредиттерді облыс көлемінде «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалы тарататын болады. Ал ақпан айында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы тарапынан Тараз қаласы және аудандық халықты жұмыспен қамту мамандарына несиелеуге қатысты семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Сондықтан аймақта несиелеу жұмыстары наурыз айынан бастау алады. Сонымен қатар несиелеу жұмыстарын жандандыру мақсатында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп отыр, – дейді облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Олжабай.
Несие тек 35 жасқа дейінгі жастарға беріледі. Микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге. Жастарға мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін берілсе, қалған жобаларға 5 жылға дейін беріледі. Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылына 2,5 пайыз.
– Әрине, мұнда бірнеше критерийлер қаралады. Яғни бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия үздік бизнес идеяларды және инвестициялық жобаларды іріктейді. Сондай-ақ бизнес-жобаларды іріктеу критерийінің өзектілігі, аргументтілігі, экономикалық негізділігі, қоғамдық маңызы, бұрын орындалған жұмыстардың болуы, іс-қимыл жоспары және бизнес жобаның өміршеңдігі де ескеріледі, – дейді Кенжебек Мамашбайұлы.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




