Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Ақпан айының басы ауа райының күрт жылынуының әсерінен тау басына түскен қалың қар еріп, тоңған жерге су сіңбей, аудан тұрғындарын әбден әбігерге салғаны белгілі. Дегенмен, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген тәмсілді берік ұстанған жауапты сала мамандары мен ерікті азаматтар табиғаттың бұл тосын мінезіне лайықты тойтарыс бере алды. Ақпан айының 3-нен бастап, бүгінге дейін бұл жұмыстарға 1135 адам және 42 арнайы техника жұмылдырылды.
Нәтижесінде аздаған уақыт аралығында қиындықтар еңсеріліп, зардаптарын жою шаралары қолға алынды.
Дер кезінде тиісті шаралар қабылданып, ел басына күн туғанда ауданның жеке кәсіпкерлері де, тұрғындары да зор белсенділік пен азаматтық таныта білді.
«Жақсының жақсысын айт, нұры тасысын» демекші осы қиын сәтте қол ұшын созып, елге артылған жүкті бірлесе көтерген мекемелер мен кәсіпкерлердің, шаруашылықтар мен кәсіпорындардың басшылары мен еңбеккерлеріне және де қауіпті қатерге бей-жай қарамаған бірқатар жаны жомарт азаматтарға қалың жұртшылықтың алғысын жеткізгім келеді.
Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауға алынды.
Бүгінде барлық қызметтер күшейтілген бағытта жұмыс жасауда. Дегенмен, аудан тұрғындарынан әлі де сақтық шараларын сақтауды, су тасқынының алдын алу мақсатында өз аулаларыңызға қарасты арық-атыздарда жиналған қардан, қоқыстан тазартуды, ретке келтіруді сұраймыз.
Ернар ЕСІРКЕПОВ
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




