Әлеумет
«Дулати» университеті қызметкерлерінің жалақысы толық төленеді
- author «Ақ жол»
- 31 қаңтар, 2023
- 445
«Дулати» университеті қызметкерлерінің жалақысы толық төленеді
Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің шаруашылық-техникалық қызметкерлері қаңтар айындағы қосымша ақылары бойынша өз арыздарын айтып, талап-тілектерін жеткізуге жиналды, деп хабарлайды университеттің медиа орталығы. – Келіспеушіліктің туындауына қызметкерлердің 2023 жылға есептелетін қосымша ақыларының айлық жалақыларымен бірге түспегені себеп болып отыр. Ұжымдық шартқа сәйкес еңбекақы мен қосымша ақылар келесі айдың 10-на дейін жіберілуі тиіс. Университет ректоры Мұхтар Байжұманов қызметкерлердің талап-тілегін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Еден жуушылардың қосымша ақысы бүгін (31.01.2023) сағат 12.00-де түсті, ал басқа жұмысшылардың қосымша ақылары ертең (01.02.2023) 12.00-ге дейін есеп-шоттарына жіберіледі, – делінген жазбада.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




