Әлеумет
Қорғаныс министрлігінде әскерге шақыру науқанының қорытындысы шығарылды
- author «Ақ жол»
- 13 қаңтар, 2023
- 464
Қорғаныс министрлігінде әскерге шақыру науқанының қорытындысы шығарылды
Қорғаныс ведомствосында 2022 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың нәтижелері қаралып, биылғы жылдың негізгі міндеттерін айқындауға арналған кеңес өтті.
Оған Бас әскери прокуратураның, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы әскерге шақыру міндеттері орындалғанын және шақыру науқаны ұйымдасқан түрде өткенін алға тартты. 2022 жылы 35 мыңға жуық жас Қарулы күштер, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің қатарын толықтырды. Қазір олар әскери істің қыр-сырын үйреніп, Отан алдында борышын лайықты атқарып жүр.
– Жыл сайын Отан алдында өздерінің конституциялық міндеттерін орындайтын мыңдаған өрендер әскерге шақыру комиссияларынан өтеді. Ал әскери есепке алу процестерін цифрландыру, Қорғаныс министрлігінің eGov.kz платформасы арқылы қызметтер көрсетуі шақыру науқаны барысында артық бюрократияны, қағазбастылықты қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді, – деді генерал-лейтенант Марат Құсайынов.Өткен жылы Қарулы күштердің қоғамдық ұйымдармен, оның ішінде жинау пункттері мен әскери бөлімдерге бару мүмкіндігі бар өкілдермен, сарбаздар аналарының комитетімен өзара іс-қимыл жолға қойылғаны атап өтілді. Бұл сарбаздардың туыстары мен жақындарына, олардың әскерге шақырылуынан бастап, әскери ұжымдарда ереже мен тәртіптің бар екендігіне жеке көз жеткізуге, сондай-ақ Қазақстан әскерінің ахуалы жайлы теріс болжамдар мен деструктивті қауесеттердің алдын алуға мүмкіндік берді. Әскерге шақыруды ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Жетілдіруді және бірлескен жүйелі жұмысты қажет ететін аспектілерге ерекше назар аударылмақ. Атап айтқанда, бұл әскерге шақырылушылардың денсаулығын оларды спорттық және әскери-патриоттық қызметке тарту арқылы мектеп кезінен бастап нығайту. Одан өзге кеңес барысында Қорғаныс министрлігі Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес жастар арасында әскери борышын өтеуге ынтасын арттыру шараларын қабылдағанын атап өтті. Осылайша, Қорғаныс министрі 40-тан астам жоғары оқу орындарының ректорларымен келісім жасасты. Олар 2023 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет өткергендерге ҰБТ нәтижелерін есепке алмай, оқуға түсу құқығын беруге әзір, ал қызмет барысында ерекше көзге түскендерге оқу орны есебінен гранттар беруге дайын.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- 16 желтоқсан, 2025
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




