Әлеумет
Қарағандыда 16 қабатты үйде газ жарылды, тұрғындар эвакуацияланып жатыр
- author «Ақ жол»
- 10 қаңтар, 2023
- 581
Қарағандыда 16 қабатты үйде газ жарылды, тұрғындар эвакуацияланып жатыр
Қарағанды қаласында 16 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Қазір адамдарды құтқару және эвакуациялау жүріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті. «Бір кіреберісі бар 16 қабатты 127 пәтерлі үйдің болжам бойынша 8-қабаттағы пәтерінде газ жарылысы болды.
Оқиға орнына жеткен кезде анықталғандай, 8-қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып жатыр.
Құтқарушылар пәтерлерден адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.
Үй кіреберісіне түтін қатты тараған.
Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің, шұғыл-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары, барлығы жеке құрамның 50 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды», — делінген ұсынылған хабарламада.
Қауіпсіз жерге шығарылған тұрғындарды жылыту үшін оқиға орнына Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 3 вахталық автобусы жөнелтілді.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




