Әлеумет
Жекешелендіруді жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелес ортаға беру барысы туралы ақпарат
- author «Ақ жол»
- 9 қаңтар, 2023
- 458
Жекешелендіруді жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелес ортаға беру барысы туралы ақпарат
«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы бойынша Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына барлығы 33 ұйым енгізілген болатын, оның ішінде «Тараз» «ӘКК» АҚ-ның 5 ұйымы.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №933 және «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 523 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы бойынша 14 ұйым («Қордай су» МКК, «Жуалы-су» МКК, «Талас - таза су» МКК, «Сарысу сулары» МКК, «Байзақ су» МКК, «Аса-су» МКК, «Таза су-2014» МКК, «Жамбыл су» МКК, «Құлан- энерго жылу» КМК,«Шу-Жылу» МКК, «Жаңатас-су-жылу» МКК, «Игілік» көпсалалы кәсіпорны» МКК, «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны» МКК және «Талас-Аса» МКК) алынып тасталды.
Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына барлығы 19 ұйым енгізіліп отыр, оның ішінде «Тараз» «ӘКК» АҚ-ның 5 ұйымы.
Бекітілген жол картасына сәйкес 9 ұйым сатылды, 2-еуі таратылды, 2 ұйымды тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылдың мамыр айында «Сарысу» газетінің редакциясы» ЖШС – 51 пайыз мемлекеттік қатысу үлесін, ал қараша айында 38,1 пайыз қатысушысы «Тараз» ӘКК» АҚ болып табылатын «Astana Food Storage» ЖШС сауда-саттыққа шығару жоспарланған.
2024 жылы 4 ұйымды сауда-саттыққа шығару жоспарлануда.
Электронды сауда-саттық өтуі туралы ақпаратпен «Мемлекеттік мүлік тізілімі» - www.gosreestr.kz веб порталы арқылы танысуға болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- 16 желтоқсан, 2025
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




