Биыл 9 көпбалалы аз қамтылған отбасы баспаналы болды
«Асарлатып үй» салу жобасы өңірдегі қаншама баспанаға мұқтаж отбасына қуаныш сыйлады. Ауылдан түлеп ұшқан азаматтар игі іске қолдау танытып, демеушілік көмектерін көрсетуде. Ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде Талас ауданында ел бірлігінің көрінісі саналатын қазақтың «Асар» дәстүрі қайта жаңғырып, игі бастама сәтімен жүзеге асырылып келеді. Жалпы, аудан көлемінде өткен жылы 8 үй берілсе, биыл 6 ауылдық округте және Қаратау қаласында барлығы 9 тұрғын үй мұқтаж жандарға табысталды.
Ағымдағы жылы берілген 9 үйдің 2-еуінің құрылысы жаңадан тұрғызылса, қалған 7 үй күрделі жөндеуден өткізілді. Жыл басынан бері пайдалануға берілген баспаналарға жұмсалған қаражат – 20,0 миллион теңгені құрады.
Баспаналар ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің, шаруа қожалық иелерінің ықпал етуімен бой көтеріп, көпбалалы, жалғыз басты аналарға табысталды.
Талас ауданы.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




