Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ассамблеяның 20 жылдығына 3 миллиард теңге бөлінеді
- author «Ақ жол»
- 20 қараша, 2014
- 969
“Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын өткізуге үшжылдық бюджетте қосымша 3 миллиард теңге қарастырылды. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады, бұл мақсатқа жыл сайын үш миллиард теңгеден бағыттау жоспарланып отыр”, - деді Сұлтанов Сенатта “2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” және “ҚР Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” заң жобаларын таныстыру кезінде. Сонымен бірге, ол “Қолжетімді баспана - 2020” бағдарламасын іске асыруға бөлінетін қаржы сомасын жария етті. “Бұл мақсатқа 2015-2017 жылдары 395 миллиард теңге бөлінеді, оның ішінде, 2015 жылы - 142 миллиард теңге. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2015-2016 жылдары жалға берілетін үй салуға 145 миллиард теңге бөлінеді, оның ішінде, 2015 жылы облигациялық қарыз түрінде 92,5 миллиард теңге бөлінеді”, - деді ол. Мұның алдында Мәжіліс “2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” және “ҚР Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” заң жобаларын мақұлдаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




