Тұрғылықты жер бойынша тіркелудің тиімді тәсілдері
Егер сізге 1414 нөмірінен «Сізде тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеу жоқ» деген хабарлама келсе, «eGov Mobile» мобильді қосымшасында немесе «eGov.kz» порталындағы «Жеке кабинетте» тіркеудің бар-жоғын тексеруді сұраймыз. Хабарламаны алғаннан кейін «eGov Mobile» мобильді қосымшасындағы «Мекенжайы» бөлімінде тіркеуді тексеру қажет. Ал егер «Мекенжайы» бөлімінде тіркелу мекенжайы пайда болмаса, тұрғылықты жеріңіз бойынша «eGov.kz» порталы арқылы тіркелу керек.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін хабарламаның өзінде көрсетілген сілтеме бойынша тіркеуден өтуге болады. Енді мұны «eGov Mobile» мобильді қосымшасының көмегімен жасауға да мүмкіндік бар. Ол үшін қолыңызда тек смартфон болуы жеткілікті.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұру үшін SMS-хабарламадағы сілтемеге өту керек немесе осы нұсқаулықты орындаған жөн.
Әуелі мобильді қосымшада авторизациядан өтіңіз:
- «Қызметтер» бөлімін таңдаңыз;
- «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінде «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметін таңдаңыз;
- Келу мақсатыңызды, қоғамдық санатты, білім деңгейін және басқа да деректерді толтырыңыз;
- Тұрғын үйге меншік құқығын таңдаңыз (егер сіз тұрғын үй иесі болсаңыз, мекенжайдың тіркеу кодын енгізіңіз немесе сіздің үйіңіздің орналасқан жерін көрсетіңіз);
- Егер сіз тұрғын үй иесі болмасаңыз, меншік иесінің ЖСН нөмірін енгізіп, тіркеу мекенжайын көрсетіңіз;
- Өтінімге қол қойыңыз;
- Меншік иесі жеке кабинетте хабарлама алады. Кейін өтінімді растайды немесе кері қайтарады.
- «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімін таңдау қажет;
- «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімін таңдаңыз;
- «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметін таңдау қажет;
- «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет;
- Келу мақсатыңызды, қоғамдық санатты, білім деңгейін және басқа да деректерді толтырыңыз;
- Егер сіз тұрғын үй иесі болмасаңыз, меншік иесінің ЖСН нөмірін енгізіп, тіркеу мекенжайын көрсетіңіз;
- Өтінімге ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе SMS паролін қолданып, қол қойыңыз;
- Мобильді қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
- «Бейне қызметін» таңдау қажет;
- Өтінім беруші маманға өзінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өту қажет екендігін айтып түсіндіреді;
- Маман үй иесінің өзін және жеке куәлігін көрсету арқылы өтінім берушінің сұрауын қабылдап, келу мақсатыңызды, қоғамдық санатты, білім деңгейін және басқа да деректерді толтырады;
- Үй иесіне SMS паролін жіберу арқылы өтінімді растайды.
Талгат САЙДАЛИЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының Бірыңғай байланыс орталығының маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді