Өрт сөндірушілердің еңбегі еленді
Жақында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Тараз қаласының Қапал көшесінде орналасқан тұрғын үй аумағындағы сарайдан өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына шұғыл түрде қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары жөнелтілді. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер қалыптасқан жағдайды жедел түрде бағалап, «қызыл жалынды» сөндіру жұмыстарына кіріскен. Жеке құрамның кәсіби іс-қимылдарының арқасында өрт жарты сағатта ауыздықталды. Өртті сөндіру барысында 6 техника мен 23 қызметкер (№4 өрт сөндіру бөлімі, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, кезекші өрт сөндіру қызметі және апаттар медицинасы орталығы) жұмылдырылды. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Үй иесі өз кезегінде жедел көмекке келген өрт сөндірушілердің ширақтығы мен кәсіби шеберліктеріне тәнті болып, алғысын білдірді. Ол сондай-ақ өрт сөндірушілердің тек үйді ғана емес, оған жақын орналасқан құрылыс нысандары мен көрші үйлерді де «тілсіз жаудан» аман алып қалғандығын жеткізген. Құрметті облыс және қала тұрғындары! Қай уақытта да қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз.Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің
қоғаммен байланыс тобы.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- 16 желтоқсан, 2025
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




