Жұмыспен қамту жұмысы жүйелі жүргізілуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздегі ең үлкен аса маңызды мәселе халықтың әл-ауқатын көтеру екендігін баса айтты. Осыған орай Байзақ ауданы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың он бір айында Ұлттық жоба аясында атқарылған жұмыспен қамту шаралары туралы аталған мекеме басшысы Нұржан Сейдәзімұлы Тлеповпен сұхбаттасқан едік. – Мемлекет басшысы бұл Жолдауында халықтың әл- ауқатын көтеру, әсіресе жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Осыған байланысты ауданда жұмыспен қамтудың кешенді шаралары қалай жүзеге асырылуда? – Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаттарының еш өзгермейтіндігін айтты. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру.
Қазіргі таңда Байзақ ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында биыл 4161 азаматты жұмыспен қамту іс- шараларына тарту жоспарланған болатын. Жобадағы бағдарламалар бойынша 8279 азамат жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларымен қамтылған, орындалу көрсеткіші 199 пайызды құрап отыр. Оның ішінде санаттары бойынша бөлінісіне тоқталар болсақ, жұмыссыздар – 2394 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2598, жұмыс іздеушілер – 3170, ал 117 азамат компазиттік қызметке тіркелді. – Кәсіпкерлерді қолдау іс- шаралары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсеңіз... –Соңғы жылдары жұмыс орындарын субсидиялауды қайтарымсыз қаржымен қамтуды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау іс-шаралары бойынша атқарылған жұмыстар көп. Мәселен, оқу орнында жұмыссыздарды қысқа мерзімге оқытуға – 20 орын берілді. Жұмыс орнында оқытуға – 25 орын, Еnbek.kz платформасы бойынша онлайн оқытуға – 120 орын бөлінген болатын.
Жыл басынан әлеуметтік жұмыс орындарына 190 орын жоспарланған, жолданғаны 193 азамат, орындалуы 101,6 пайызды құрап отыр. Жастар тәжірибесіне 190 орын жоспарланған, қамтылғаны 227 азамат, орындалуы 119,5 пайыз. Қоғамдық жұмыстарға 800 орын жоспарланған, қамтылғаны 824 адам, орындалуы 103 пайызды құрады. – Өзіңіз білесіз, көптеген кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары жаңадан оқу бітіргендерге әлі тәжірибесі жоқ деп жұмысқа қабылдаудан бас тартады. Жаңа оқу орнын бітірген жастарда қайдан тәжірибе болсын. Осыған байланысты жастар тәжірибесінен басқа алғашқы жұмыс орыны мен ұрпақтар келісімі қалай жүзеге асырылуда? –Бізде «Алғашқы жұмыс орындары» бойынша 11 орын белгіленген. Жас мамандарға деген сұраныстың арқасында биыл 14 жас азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр. Яғни жоспарлы тапсырманың іс жүзіндегі орындалуы 127,3 пайызды құрады. «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына үш орын белгіленген. Ал зейнетке шығуға бір жыл қалған азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасына 23 орын жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 27 адам жұмыспен қамтылды. Ал жастарға арналған мемлекеттік грантты 363 адамға беру жоспарланса, қазіргі таңда, оған 372 азамат өз бизнес идеяларын ұсынып, барлығы комиссия шешімімен грант иегері атанды.
«Бизнес бастау» жобасы аясында 411 адамды оқыту жоспарланған. Жүйеге тіркеліп, онлайн оқығандары 3754 адамды құрап отыр, оның 2043-і жастар. Бұл жобадағы сертификатқа ие болғандар саны грант алатындар санынан 10 еселеніп кетіп отыр, грант алуға тек қана комиссия шешімімен нарықтағы сұранысқа ие жаңа идеялар ұсынушыларға ғана іріктеліп алынады. – Бұл арада еңбеккерлерді уақытша маусымдық жұмыс орындарымен қамтуды емес, тұрақты жұмыс орындарымен қамту жайы қалай орындалуда? – Ағымдағы жылы тұрақты жұмыс орындарына 1950 адамды тарту жоспарланған. Жолданғаны 2693 адам, орындалуы 138,1 пайыз. Бос жұмыс орындарына 1445 адам және жаңа жұмыс орындарына 1248 адам жолданды. – Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа тарту жайы қалай шешілуде? –Жалпы жоба бойынша мүмкіншілігі шектеулі 413 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылды. Жұмыс орындарына жолдамамен қамтылғаны 136. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 75, әлеуметтік жұмыс орнына 3, жастар тәжірибесіне 2, ақылы қоғамдық жұмыстарға 55 адам орналастырылды Белсенді шараларға тартылғандарының ішінен қысқа мерзімді жұмыс орнында 1 мүмкіндігі шектеулі азамат оқытылды, «Бизнес бастау» жобасына 255 мүгедек қатысып, 21 мүмкіндігі шектеулі грант ұтып алды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналаст ыру бойынша, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 6 адам жолданған, жоспар толығымен орындалды. – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жайы қалай жүзеге асырылуда? – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша биыл орталық арқылы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 567 отбасының 3244 адамына жәрдемақы тағайындалып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданды. Оның ішінде, шартты түрі бойынша 475 отбасының 2823 адамына тағайындалды. Шартсыз түрі бойынша 92 отбасының 421 адамына көмек тағайындалған. – Өздеріңіз жұмысқа жіберген адамдар жөнінде мониторингілік бақылау, қызметтік тексерістер ұйымдастырып, қадағалап отырасыздар ма? –Әлеуметтік жұмыс орындарының, ақылы қоғамдық жұмыс орындарын мониторингілік зерделеу барысында жұмысқа жолданған адамдардың жұмысқа шықпай қалғандары байқалған жоқ. Мемлекет басшысы Жолдауында елдің әлеуметтік жағдайын қолдап қана қоймай, оның ашық та, жариялы түрде орындалуын атап өтті. Ендеше, бұл салада «бармақ басты, көз қыстымен» бюджеттен бөлінген қаражатты шашпашылыққа салуға жол берілмеуі тиіс деп есептеймін. – Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Марат ҚҰЛИБАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
«Отандық медицина сапасы шетелдегіден кем түспейді»
- 4 қазан, 2024
«Өмір деген самғау мен кідірістер»
- 4 қазан, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді