Табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті арттыру, жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында өткізілген тазалық акциясы ұйымдастырушылардың айтуынша мұнымен тоқтап қалмайды.
– Бүгінгі сенбілікке де жастарымыз белсенді үлес қосты. Қоршаған орта қоқыстан тазартылып, балалар ауруханасының маңайы абаттандырылды. Экологиялық мәдениет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әрине, «Жастар жүрген жер мереке» деп бекер айтылмайды. Тазалық акциясын да олар әндете жүріп, қызықты думанға айналдырды. Жастар бұл акцияны уақытша науқан емес, тұрақты экологиялық жауапкершілік ретінде қабылдап отыр. Бұған дейін де «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» сынды жобалар тұрақты түрде жүзеге асырылғанын білесіздер. Бұдан кейін ортақ үйіміздің тазалығы, табиғаттың саулығы үшін экологиялық акция жалғасын таба бермек, – дейді Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Табиғатқа деген жанашырлықтың жарқын үлгісі
- 2 сәуір, 2026
Тазалық әр адамнан, әр үйден басталуы тиіс
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




