Республикалық турнирдің білікті заң қызметкерін еске алуға арналғаны кездейсоқтық емес. Өйткені банк қызметінде шеберлігімен көзге түсіп, біліктілігі мен белсенділігінің арқасында талай жетістіктерге жеткен Темірлан Исмаділдаұлы әуесқой футболшы ретінде де талай рет жеңістің туын желбіреткен жан. Мысалы, ол қызмет еткен «Тұран Әлем» банкі республикалық банктер арасында футболдан өткізілген жарыстарда үш жыл қатарынан чемпион болған. Сондай-ақ ол облыстық ұлттық қауіпсіздік комитетінде, «Казфосфат», «Дантист» командаларында өнер көрсеткен.
Атаулы жарыс 2021 жылдан бастап бірыңғай республикалық спорттық іс-шаралар өткізу күнтізбесіне енген жарыс болып есептелінеді. Турнирге барлығы 8 команда қатысты.
Атап айтсақ, олардың құрамында Жамбыл облысының құрама командасы (Тараз қаласы), №8 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы (Байзақ ауданы), «Сарыағаш» құрама командасы (Түркістан облысы), «Жас Тараз» футбол клубының құрама командасы (Тараз қаласы), «Сұңқар» футбол клубының құрама командасы (Тараз қаласы), №11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы (Байзақ ауданы), «Ұзынағаш» құрама командасы (Алматы облысы) және №40 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы (Тараз қаласы) болды.

Нәтижесінде Жамбыл облысының құрама командасы 1-орыннан көрініп, жеңіс тұғырына көтерілсе, «Сұңқар» футбол клубының құрама командасы 2-орыннан, «Ұзынағаш» құрама командасы 3-орыннан көрінді.
Турнир қорытындысы бойынша «Сұңқар» командасының ойыншысы Алинұр Асхатұлы үздік қақпашы атанса, «Ұзынағаш» командасының ойыншысы Нұрсұлтан Жігер үздік қорғаушы атанды. Ал «Сарыағаш» командасының ойыншысы Орынбасар Жүсіп үздік жартылай қорғаушы деп танылса, Жамбыл облысының құрама командасының сапында өнер көрсеткен Райс Нұрсәт үздік шабуылшы деп танылды. Сондай-ақ Жамбыл облысының құрама командасының сапында ойнаған Айдар Нұргелді үздік ойыншы деген атқа ие болды.
Aq jol-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




