Демалыс күндері де дамыл жоқ
Облыс құтқарушылары өткен демалыс күндері де дамыл таппай, бірнеше шақыртулар бойынша жұмыс істеп, өз міндеттеріне адалдықтарын танытты. Мәселен, 3 желтоқсанда таңғы сағат 6-дан асқанда Тараз қаласы, Көшеней көшесінде орналасқан «Dunyo» мейрамханасының жертөлесінде ағаш отын мен көмірдің өртенуі орын алды. Қаланың №4 өрт сөндіру бөлімінен 2 автокөлік пен 8 адамнан тұратын жеке құрам дереу оқиға орнына жетті. Өрттің ауданы 30 шаршыметрді құрап, салдарынан жертөленің қабырғалары, терезелері, есігі зақымдалды, ағаш және 1,5 тонна көмір отыны жанып кетті. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 24 минутта ауыздықтады. Келесі күні, яғни жексенбіде қаланың Жібек жолы көшесіндегі «Бекнұр» моншасының ауласында жеңіл автокөлік өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына №3 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 5 адам жеке құрам шығып, өрт 15 минутта ауыздықталды. Оқыс оқиға салдарынан автокөліктің қозғалтқыш бөлігі өртеніп кетті.
Сондай-ақ Сарысу ауданының орталығы – Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы балконда есігі құлыптанып қалып қойған ер адамды автосаты көмегімен құтқару жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, өткен демалыс күндері облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарына – 1 рет, іздестіру жұмыстарына – 1, қоқыстың және көмірдің жану оқиғасына – 2, есік ашу жұмыстарына – 3, түтіннен тазарту жұмыстарына – 1, расталмаған жану оқиғасына – 1 рет шықты. Аталған өрт оқиғалары мен төтенше жағдайлардан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеді.
Құрметті облыс және қала тұрғындары! Үйден шығарда балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмай, электр және газ құралдарын қуат көзінен ажыратып, үйді жылыту үшін пеш жаққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Сондай-ақ ауа райының қолайсыз кездерінде жолға шығуды кейінге қалдырған жөн екендігін ұмытпауды сұраймыз. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу ақысыз негізде жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді