Меркінің электр энергиясын тараздықтар да пайдалануда
Әлемді алаңдатып отырған мәселе – қоршаған ортаны ластанудан қорғау. Бұл тұрғыда қолға алынып жатқан «жасыл» экономика термині қоғамға сіңісіп те үлгерді. Қай кезеңде болсын үнемдеу, ысырап етпеу береке бастауы саналады. Бұл ретте ел байлығын еселейміз десек, бірінші кезекте мемлекетіміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдаланып, баламалы энергия көздеріне мән беруіміз қажет. Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп бекерден-бекер таңдалмаған. Осы арқылы энергияның қайта қалпына келетін көздерін, ресурстарды үнемдейтін технологияларды және қалдықтарды қайта өңдеуді кеңінен қолдануға негізделген «жасыл» экономика – орнықты дамудың жолы екенін көрсеткісі келген еді.
Бүгінде елімізде «жасыл» экономиканы дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Соның ішінде облысымыз – «жасыл» экономиканы дамытуды қолға алған өңірлердің бірі саналады. Жамбыл жерінде энергияның балама және қайта қалпына келетін көздерін пайдалану үлесінің жыл өткен сайын артқаны байқалады. Оны облысымыз бен аудандарымызда атқарылып жатқан жұмыстарға қарап отырып-ақ байқауға болады.
Меркі ауданында «Гидроэнергетическая компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Меркі ГЭС-1» және «Меркі ГЭС-2» су электр стансалары электр энергиясын өндірумен айналысады. Жалпы серіктестікте 26 адам тұрақты жұмыс істейді. Олардың орташа жалақы табысы жүз мың теңгені құрайды.
Меркі су электр стансасы басшылығының айтуынша, «Меркі ГЭС-1» су электр стансасы 1956 жылы, ал «Меркі ГЭС-2» 1965 жылы Орта Азиялық Тәшкент институтының «Гидропроект» жобасы негізінде салынған болатын. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде шетелдік инвесторлар алып, оның жұмысын он жылдай жүргізген. 2007 жылдан бастап «Гидроэнергетическая компания» ЖШС қарауына алып бұл су электр стансаларының жұмысын жолға қоя алды. Бірінші стансаның қуаттылығы 0,62 мегаватт, ал екіншісінікі – 1,2 мегаватты құрайды. Қос су электр стансалары заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.
Бүгінгі таңда орталық электр трату желісі арқылы стансаның өндірген қуатын облысымыздың 125 абоненті пайдаланып, игілігін көруде. Оның ішінде 72 заңды тұлға, 53 жеке тұлға бар. Жамбыл электр стансасының тарифтерімен салыстырғанда «Гидроэнергетическая компания» ЖШС тарифі төмен. Бүгінгі таңда электр энергияны Тараз қаласындағы заңды тұлғалар да пайдалануда.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді