Банкке барсаң, біліп бар!
Газеттің алдыңғы санында біз банк түрлеріне тоқталған болатынбыз. Ал бұл мақаламызда банкпен келісім жайын қаузамақпыз. Әдетте банктен несие рәсімдегенде немесе депозит ашарда көп жағдайда келісімшартты басым көпшілігіміз мән беріп оқымаймыз да, банк менеджері көрсеткен жерлерге қол қойып шығамыз. Ал сіз қолыңызды не үшін қоясыз? Банкке пайызға ақша салып, банк салымы туралы келісімшарт жасасасыз. Бірақ, бұл әртүрлі жолмен рәсімделуі мүмкін.
- Сіз келісімшарт құжатына қолыңызды қоясыз, мұнда салымшы мен банктің құқықтары мен міндеттері белгіленген бір данасын қолыңызға аласыз. Келісімшартқа қол қоюдан бұрын онымен дұрыстап танысуыңыз керек.
- Сізге шарттан бөлек қол қоюға «Ережелер» неме с е «Шарттармен» танысу үшін банктің басқа құжаттарын береді. Сол кезде құжатты міндетті түрде оқыңыз.
Эльвира Жарылқасынова
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




