Қараусыз нысандар тексерілуде
Бүгінде құқық қорғау қызметкерлері ел аумағында қаңтардағы дүрбелең кезінде ұрланған қару-жарақтарды табу мен қайтарып алу бойынша белсенді іс-шараларды жүргізуде. Бұған дейін белгілі болғандай, жаппай тәртіпсіздер барысында қару-жарақ дүкендерінен және құқық тәртібі органдарының әкімшілік ғимараттарынан қарудың 2 900-ден астам бірлігі, 63 180 оқ-дәрі ұрланған. Ұрланған заттардың ішінде 35 граната атқыш, 8 пулемет, 268 автомат, 17 винтовка, 594 тапанша, 98 арнайы мылтық пен 239 жарақаттайтын тапанша бар. Облыстық полиция департаментіне бағынысты көліктегі полиция басқармасы басшысының нұсқауымен теміржол бойында қараусыз қалған және апаттық нысандарды тексерудің сегізінші кезеңі аяқталды. Шараның негізгі мақсаты – қарудың заңсыз айналымының жолын кесу, ұрланған немесе жоғалған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестіру.
Шара аясында Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің, әкімшілік полиция бөлімшесінің және теміржол ұйымдарының, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» мен полицияның қоғамдық көмекшілері рейдтік жұмыстар жүргізді. Суық қаруларды іздестіру кезінде қызметтік иттерде жұмылдырылды.
Аслан ДҮЙСЕМБАЕВ,
Тараз станциясындағы ЖПБ бастығының бірінші орынбасары,
полиция подполковнигі.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




