«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Президент Ұлттық ұланның жаңа қалашығын ресми түрде ашты

Президент Ұлттық ұланның жаңа қалашығын ресми түрде ашты
ашық дереккөз
Президент Ұлттық ұланның жаңа қалашығын ресми түрде ашты

Мемлекет басшысы Ұлттық ұланның елордадағы жаңа үлгідегі қалашығын ашу сәтінде құрылымның жеке құрамына айбын мен даңқтың символы – әскери туды тапсырды.

Президент: «Мұнда әскери қызметшілердің отбасымен тұруына, қызмет атқаруына, әскери дайындығын шыңдауға барлық жағдай жасалған. Осының бәрі мемлекеттің қамқорлығын көрсетеді. Сіздердің міндеттеріңіз – елдегі татулық пен тыныштықты сақтау, Қазақстан азаматтары құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, қылмыспен күрес жүргізу. Республиканың Қарулы күштерінің бір бөлігі болғандықтан, сіздер сондай-ақ тәуелсіз елді қорғауға, шекарасының бүтіндігін қамтамасыз етуге дайын болуға тиіссіздер. Мемлекеттің қамқорлығына сіздер лайықты ерен еңбекпен және жоғары машықпен жауап беретіндеріңізге сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев әскери қызметшілер мен офицерлерді әскери қалашықтың ашылуымен тағы да құттықтап, оларға табыс пен мықты денсаулық тіледі. Президентке әскери қалашықты аралап көру барысында айрықша айырым белгісі – «Бедерлі берет» және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының төсбелгісі тапсырылды. Жаңа әскери қалашықта жалпы алаңы 64 мың шаршы метр болатын 53 ғимарат пен құрылыс бір мезгілде пайдалануға берілді. Әскери қалашықтың инфрақұрылымы жеке құрамның жауынгерлік шеберлігін жетілдіруге, жедел бригаданың жауынгерлік дайындығын шыңдауға, Астана қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін сақтау жөніндегі күнделікті тапсырманы сапалы орындауға мүмкіндік береді. Қалашықтың аумағында штаб пен үш казарма ғимаратынан бөлек, автокөлік паркі, түрлі залдары мен мультимедиялық атыс тирі бар спорт кешені, стадион, спорт және оқу қалашықтары, мәдени-сауық орталығы, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған лазарет бар. Офицерлермен келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін отбасылы әскери қызметшілер үшін 104 пәтерлі тұрғын үй салынған.

Ұқсас жаңалықтар