Әлеумет
Келесі жылдан бастап жастар 2,5%-дық мөлшерлемемен несиелер ала алады
- author «Ақ жол»
- 25 қараша, 2022
- 194
Келесі жылдан бастап жастар 2,5%-дық мөлшерлемемен несиелер ала алады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастардың кәсіпкерлік ынтасын көтеру және қолдау мақсатында шағын несие беру шаралары қаралып жатыр. Оны беру шарттарымен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов таныстырып өтті.
«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жастарға шағын несиелер беріледі. Оның пайыздық мөлшері - 2,5%-ды құрайды. Қазіргі кезде Ережелер жобасы жасалып, «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Басты шарты - кепілдік болуы тиіс. Ол міндетті түрде үй болуы тиіс емес, бағалануы тең басқа да мүлік болуы мүмкін. Несие мөлшері – 5 млн теңгеге дейін. Берілу мерзімі – 5 жылға дейін. Егер қарыз ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында немесе ірі қара мал, жылқы асырау үшін алынса, онда 7 жылға дейін беріледі. Несие алған жастарға 1,5 жылға «каникулярлық кезең» ұсынылады, яғни, аталған уақытта олар ай сайынғы жарна төлеуден босатылады», - деді спикер.Оператор ретінде – Аграрлық несие корпорациясы белгіленіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді