Әлеумет
Жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы құрылды
- author «Ақ жол»
- 23 қараша, 2022
- 271

Жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы құрылды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында автожол саласын реформалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында автомобиль жолдарының сапасын арттыру мақсатында біз қолданыстағы заңнамаға енгізілетін түзетулермен таныстырып өтті. Біріншісі. Ғылымды, материалдардың электрондық базасын және жаңа технологияларды дамыту.
«ҚазжолҒЗИ негізінде жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы құрылды. Қазіргі уақытта карьерлердің, битум зауыттарының материалдарының сапасы жайлы ақпарат жинау жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ климат ерекшеліктерімен жаңа технологиялар әзірленуде. Институт қозғалыс қарқындылығын, есептік жүктемелерді ескере отырып, әрбір өңір үшін жол төсемдерінің үлгілік конструкцияларын қалыптастыратын болады. Бірыңғай базаның бастапқы бұл деректері жобалау және салу кезінде ЖСҚ дайындау кезінде басшылыққа алынатын болады», - деді спикер.Екіншісі. Нормативтік базаны жетілдіру. Бүгінгі таңда еліміздің автожол саласында стандарттар мен нормативтердің 1200-ден астамы бар. Реформалау шеңберінде Министрлік нормативтік базаны қалыптастыру тәсілдерін өзгертуде.
«Алдағы уақытта ұлттық стандарттарды әзірлеу кезінде ғылыми және зертханалық зерттеулердің қорытындылары, тәжірибелік учаскелер мен қанатты жобалардың ұзақ мерзімді мониторингінің нәтижелері ескерілетін болады. Тиісті нормативтік құжаттар 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізіледі. Жобалау әр аймақтың климаттық жағдайы мен температурасын, әрі қозғалыс қарқындылығын ескереді. Superpave технологиясы өз кезегінде эксплуатациялық сипаттамаларды арттыруға мүмкіндік бермек. Қазір бізде тек 3 климаттық аймақ ескеріледі, ал Superpave технологиясында 10-15 климаттық аймақ қарастырылатын болады. Әрбір өңір үшін бөлек асфальтбетон қоспалары, битум, қиыршық тас құрамы құрылады», - деді комитет басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Найзадан қол босаса, қалам алдым
- 17 шілде, 2025
Телефон арқылы туристердің нақты санын білуге болады
- 17 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді