Кемшіліктер жойылса, жол сапасы да жақсарады
«Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалымен ағымдағы жылдың 10 айында республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға 689 рет тексеріс жұмыстарын жүргізген. Есепті кезеңде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1576 сынама алынып, оның ішінде 182-сі нормативтік талаптарға сәйкес келмегендігі анықталған.
Жалпы, мамандар 10 ай ішінде республикалық деңгейдегі 31 объектіге 542 рет шығу жұмыстарын ұйымдастырса, жергілікті желі бойынша 153 объектіге 147 рет шыққан. Нәтижесінде, бас-аяғы 178 кемшілік анықталса, оның 46-сы өрескел екендігі белгілі болған.
Ал бұзушылықтардың басым бөлігі жабындағы жарықтар, шұңқырлар мен шөгінділерге байланысты. Атап өтерлігі, бүгінгі таңда барлық ескертулер жойылған.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




