Кәсіби білім – болашаққа жарқын жол
Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Бурыл ауылындағы №6 орта мектебінің оқушыларымен «Кәсіби білім алу – болашаққа жарқын жол» атты кездесу ұйымдастырды. Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны Ержан Әбдірайымов пен бөлімнің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау капитаны Жансерік Есқараев мектеп түлектерін Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға шақырып, аталған оқу орнына түсудің тәртібін түсіндірді. Олар оқушыларға құтқарушы мамандығының қыр-сыры туралы айтып, академияға қабылдау, оқу және тұру ережелерімен таныстырды.
Ержан ӘБДІРАЙЫМОВ,
аудандық төтенше жағдайлар
бөлімінің инженері.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




