Қызметкерлермен дөңгелек үстел өтті
Аудандағы №10 өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері мен орталық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің дәрігері Ұлдана Әкімбек, нарколог-дәрігер Зауреш Келаманова және дерматовенеролог-дәрігер Әсел Құдайбергенова, аудандық прокуратураның прокуроры Арман Сұлтанов, облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» аудандық филиалының инспекторы Нұрсұлтан Шәмішхан, аудандық жол патрульдік полиция қызметкері БерекеТемірәлінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және Құлан ауылындағы №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуымен өткен жиында салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткісіз өмір және жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулар, коронавирус инфекциясының алдын алу, артериалдық гипертензия және донорлық, шылым шегу мен алкогольді ішімдіктің адам өміріне зияны туралы сөз қозғалды.
Мамандар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында, радикалды діни ағымдар жайында сөз қозғап, тың ақпараттар айтты. Одан әрі полиция қызметкері мен жеке құрамға жол қозғалысы ережелері мен жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескертіліп, жеке құрамнан сауалнама алынды. Жеке құрам өз кезегінде көкейдегі сауалдарына тиісті деңгейде жауап алды.
Басқосуда төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрболат Кадырханов әр тоқсан сайын өткізілетін осындай шаралардың пайдасы айтарлықтай екенін айтып, қонақтарға алғысын білдірді.
Мадияр ИСАЕВ,
аудандық №10 өрт сөндіру
бөлімінің бастығы.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




