Қарты бар ел – қазыналы
Үлкен кісілерге құрмет пен ізет көрсету адамгершілік құндылықтың басты өлшемі. Әрбір отбасында үлкендерсіз тамақ бастамау, олардың батасын, разылығын алу өте маңызды. «Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без» деген тәрбие тетігі тағы бар. Үлкеннің алдынан кесе-көлденең өтпеу – ізеттіліктің белгісі. Қария – ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, қарт кісілерде де сондай тереңдік бар деп білеміз. Осы тереңдікті жас ұрпақтың бойына сіңіру үлкендерге парыз. Жуырда Мәдімәр ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте «Қарты бар елдің қазынасы бар» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешке ауылдың қадірлі қариялары шақырылып, оқушыларға өз өмірлерінен естеліктер айтып, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Оқушылар көптеген өлең-жырларын оқып, өнерлерін ортаға салды. «Тоқта балам, атаң келер артыңда» атты көрініс көрсетті.
Ата-әжесі бар үйдің балалары да өзгеден ерек болып, қариялардың ыстық алақанынан дәм татып, жауһар сөздерін саналарына сіңіріп өсетіндігі білінеді. Ата-дәстүр салтымыздан таймай, ескі ғұрыптармен немерелерін нағыз қазақтың салтын сақтар бабалардың жолыменен жүретін өр рухты қазақты тәрбиелеп өсіреді. Сондықтан да болар, қарты бар үйден қазақилықтың исі аңқып тұрады.
Кәмшат ОРАЗБЕКОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




