ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің қызметкерлері ауыр науқастарға және жол көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету мақсатында қан тапсырды. Бұл күні облыстық қан орталығына мекеменің басшы және жеке құрам өкілдері барлығы дерлік келді. - Донор болу - қанға мұқтаж адамдарға барынша көмек көрсетіп, өмірлерін сақтап қалу деген сөз. Осы мақсатта біз, ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырдық. Қала тұрғындарын донор болуға әрі қан тапсырып, адам өмірін құтқарып қалуға атсалысуға шақырамыз, - деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




