Пәтер ақысын орынсыз көтерген кімдер?
Жақында әлеуметтік желілерде Астана, Алматы сияқты ірі қалаларда жалдамалы пәтер бағасының шарықтап, студенттердің баспана таппай сенделіп жүргені туралы ақпарат тарады. Бас пайдасын ойлаған кейбір үй иелері елге ресейліктер ағылып жатыр дегеннен жалға беретін пәтерінің бағасын аспандатып жіберген деседі. Тіпті бағасы келісілген пәтерде бұрын тұрып жатқандардың өзін орынсыз қуып шығуда дегенді естідік. Абырой болғанда бұл жағдай Тараз қаласына айтарлықтай әсер ете қоймады. Кім біледі, егер пәтер иелері даурықса, жалдамалы үйдің ай сайынғы төлемақысын орынсыз көтеруден тайынбайтындай. Әрине, осындайда өңірдегі жоғары оқу орындары облыстың, еліміздің сан аймағынан келген студенттерді жайлы жатақханамен қаншалықты қамтамасыз етіп отыр деген ой туады.

Сәндібек ПІРЕНОВ
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




