Балықшылар бас қосқан «Балық FEST»

Балықшылар бас қосқан «Балық FEST»
ашық дереккөз
Балықшылар бас қосқан «Балық FEST»
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында балық аулау мәдениетін қалыптастыру, әуесқой балықшылар арасында өзара тәжірибе алмасу, жастардың табиғатқа деген жанашырлығын, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануды, салауатты өмір салтын ұстауды насихаттау мақсатында «Балық FEST» аудандық балық аулау турнирі өтті. Ерекше турнир Жаңа жол ауылдық округіндегі «Эльдорадо» шаруа қожалығында ашылу салтанатынан басталып, «Тасөткел» су қоймасында жалғасын тапты. Бұл жарысқа жан-жақтан 50-ге жуық әуесқой балықшылар қатысып, бақтарын сынады. Атаулы спорттық жарысқа Қонаев (Қапшағай), Алматы, Тараз қалаларынан және Меркі, Қордай, Мойынқұм, Шу аудандарының әуесқой балықшылары қатысты. Шараға Шу ауданы мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, тележурналист Жұмахан Чекаев пен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Шолпан Рысалиева ұйытқы болып, демеушілік жасады. Сонымен, турнир қорытындысына сай шулық Сергей Кисилев ең жас балықшы атанды. Ал жасы ең үлкен балықшы ретінде Төле би ауылынан Петр Норкин танылды. Сондай-ақ меркілік Махмуджан Аманбаев, төлебилік Валерий Штоклов, Айдар Ұзақбаев, алматылық балықшы Дүйсен Үсенов, Мойынқұм ауданынан келген Айдар Дүмшебаев сынды бірқатар жарысқа қатысушы арнайы аталымдар бойынша марапатталды. Қазылар алқасының шешімімен 3-ші орынға алматылық Ерболат Қошығұл, шулық Алтай Таджиев, төлебилік Жандос Бекибаев, 2-ші орынға шулық Айдар Абдулин лайықты деп танылды. 1-орын иеленген шулық жеңімпаз Ердос Анарбай арнайы кубок және медальмен, сондай-ақ бағалы сыйлықпен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай шара әлі де жалғасын табатын болады.

Мақсат ЧЕКАЕВ,

бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының нұсқаушы әдіскері. Шу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар