Отандық қаламгерлергеқолдау көрсетіледі
Отандық қаламгерлердің детектив жанрындағы шығармалары кітап болып шығады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
«Өткен жылы Ішкі істер министрлігі ел тарихында тұңғыш рет «Серт» детектив шығармаларының республикалық байқауын өткізген болатын. Әдеби байқаудың басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін, сонымен қатар қазақстандық патриотизмді арттыру, қоғам назарын полиция мен басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиын және қауіпті жұмысына аудару», – деді ІІМ өкілі ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, Ішкі істер министрлігі Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойы аясында республикалық «Серт» байқауын жариялады.
«Жеңімпаздар Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай жарияланады. Ал байқау қорытындысы бойынша детектив жанрындағы қазіргі заманғы отандық жазушылардың шығармалары жинақталған кітап басылады», – деді Шұғыла Тұрлыбек.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді