Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасты
Тараз қаласында кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының құрылғанына 15 жыл сондай-ақ кеңестік және ресейлік белгілі кардиохирург В.И.Бураковскийдің туғанына 100 жыл толуына орай облыс орталығында халықаралық мерейтойлық конференция бастау алды. Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров аймақ халқының денсаулығын арттыру бағытында өз үлестерін қосқысы келетін қазақстандық және шет мемлекеттерден жиналған кардиохирургия мамандарына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Бұдан кейін, Минск қаласындағы республикалық ғылыми практикалық балалар хирургиясы орталығының меңгерушісі Юрий Линник пен Түркия, Индия мемлекеттерінен келген мамандары жүрек қақпақшасына имплант қою бойынша пікірлерімен бөлісті.
Конференция барысында пленарлық мәжілістер ретінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Онда жүрек қақпақшалары дұрыс қалыптаспағандықтан, күрделі жүрек ақауымен туылған 5 айлық нәрестеге шетелдік кардиохирургия саласының білікті мамандары ота жасады. Жауапкершілігі мол бұл жұмыстар жамбылдық мамандарға тікелей эфир арқылы көрсетіліп, түсіндірілді. Жалпы, тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында жасалған оталар Түркістан қаласындағы орталықтың (Cardio Turkestan) филиалында жалғасатын болады.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




