Саңлақ спортшыларды қабылдады
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 14-16 күндері аралығында Ақмола облысы Щучье қаласында ерлер арасында самбо күресінен 10-шы рет чемпионат өтпек. Дәстүрлі додада құқық қорғау органдарының қызметкерлері өзара кім мықтыны анықтайтын болады. Бұл жолы біздің облыстың намысын «сен тұр, мен атайын» дейтін білекті де, жүректі жігіттер қорғамақ. Олардың қатарында Сержан Төлепбергенов пен Ілес Нұрсұлтан сынды «Спорт шеберіне үміткер» саңлақтарымыз да бар. Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев өңір атынан өнер көрсететін спортшыларды арнайы қабылдап, айтулы жарыста үздіктер қатарынан көрінулеріне тілектестігін білдірді.
- ҚАЖ саласында спорттың алар орны айрықша. Жалпы алғанда, дені сау ұлт бәсекеге қабілетті. Сондықтан спортты дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. ҚАЖ саласының қызметкерлері республикалық, халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымызды асқақтатып келеді. Бұл спортты серік еткен ардагерлер мен сіздердің де есіл еңбектеріңіздің және төккен терлеріңіздің жемісі деп білемін. Алдағы бәсекеде олжалы оралыңыздар, – деді Нияз Қанатұлы.
Айта кетейік, спортшыларды бұл жарысқа облыстық ҚАЖ департаменті кадр саясаты тобының жеке құрам бойынша аға инспектор әділет майоры Дидар Рысбек бастап барады.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




