Базар бағасынан төмен
Өткен сенбіде Жаңатас қаласындағы Орталық алаңда ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге ауылдық округтердің шаруа қожалықтары қолжетімді бағада көкөніс, бақша жемістері мен ет, сүт өнімдерін шығарды. Мәселен, Түркістан ауылдық округі картоп бағасының бір килограмын 100-160 теңгеден ұсынса, сиыр сүті – 250, пияз, қызанақ, алма – 150, сәбіз – 130, қияр – 100, қарбыз-қауын – 60-80, жүзім 300 теңгеден сатылды. Сондай-ақ жылқы еті – 2200, сиыр мен қой еті – 2000 теңгеден базар бағасынан төмен саудалады. Жәрмеңкеге жалпы 1,5 тонна сүт өнімдері, 25 тонна картоп, 11 тонна бақша, 14,5 тонна көкөніс, 1 тонна көлемінде жеміс (алма, жүзім, өрік және т.б.), 500 килограмм шұжық өнімдері және 200 килограмм бал шығарылды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




