«Дәуіт ата» командасы – жеңімпаз!
Бауыржан Момышұлы ауылындағы Орталық стадионда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған шағын футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты отбасылық командалар арасындағы аудандық жарыс ұйымдастырылды. Аталған жарыстың ашылу салтанатында Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа ауылдық округтерден келген 8 команда қатысты. Финалда «Дәуіт ата» отбасы «Сейітбековтер» әулетін жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Үздік үштіктен «Шәкіровтер» командасы көрінді. Бірнеше аталымда үздіктер анықталып, олардың бәріне сыйлықтар тапсырылды.
Атап айтқанда, отбасылық жарыста «Үздік шабуылшы» – «Сейітбековтер» командасының ойыншысы Мирас Оразбақ, «Үздік қорғаушы» – «Дәуіт ата» командасының мүшесі Эльдар Дәуітов, «Үздік қақпашы» – «Шәкіровтер» әулетінен Ринат Тасқынбаев, «Үздік ойыншы» номинациясына – «Дәуіт ата» отбасының мүшесі Мадияр Дәуітов лайық деп танылды.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Күреспен өткен күндерімді бақытым деп санаймын
- Бүгін, 05:31
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




